Мен туыппын ақпандатқан боранда – Ізтай Мәмбетов

Бұл бетте «Мен туыппын ақпандатқан боранда» атты Ізтай Мәмбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.01.2021
  • 0
  • 3
  • 8130
Мен туыппын ақпандатқан боранда
Кім біледі, бәлкім, әлде содан ба?!
Алақұйын мінезім бар ашулы,
Қапелімде басылам ба, болам ба?!
Өстім еркін ақ боранмен алысып,
Балалығым беттеріне қар ысып.
Асау тайды алғаш ұстап мінгенде-ақ,
Асау желмен кете бардым алысып.
Сол бетіммен өміріңе еніп ем,
Тыныштығың бұзылды бір менімен.
Күшті еді ғой мендегі зор махаббат,
Қуат алдың өзің соның лебінен.
Сүйе алмадың кей ашуды кешіре,
Қоштас күліп, қамығасың несіне.
Бұрқ-сарқ еткен ақ боранды күн болса,
Алғайсың тек сонда мені есіңе.


Пікірлер (3)

Арсен

Рахмет әдемі өлең

Ма

Ізтай Мәмбетов туралы тақпақ

Айсұлу

Керемет өлең????????????????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен туыппын ақпандатқан боранда өлеңінің авторы кім?

Ізтай Мәмбетов — осы өлеңнің авторы.

Мен туыппын ақпандатқан боранда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен туыппын ақпандатқан боранда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ізтай Мәмбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен туыппын ақпандатқан боранда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері