Қаладағы кентавр – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Қаладағы кентавр» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 774
Ырғақта тербетілген бала бүркіт
сынды боп, алағызып, алабұртып,
бесікте жатқан күнім еске түсіп,
жанардан жас ытқиды жан ауыртып.
Сол кезде-ақ шимайлы еді бала маңдай,
Қыртысты еді Қара жер — жан анамдай.
Құба дала, мен де бір қарагерің,
Қатқақта күн-түн жортқан тағаланбай...
Жас күнді кейін қалай, неге ұмыттым?!
Құр өттім терте басын кеміріп мың.
Далам-ау, теңіз сынды тебіреніп,
Түсіме неге енбейсің, тегі мықтым!
Жауындай жас жанымды ұрған үдеп,
Санамды сансыз сағым шырмады көп.
Түн ауа ақ кеудеме көшті кеше,
Сәби уіл, саз бесік ырғағы кеп.
Сол ырғақ көкіректен сең көшіріп,
Тағасыз тас тұяғым өрге тігіп.
Күн бата қалғып келем қала жақтан,
Аяңшыл автобуста тербетіліп.
Қыртысын қар қымтаған қара жердің,
Қатқағын талай кешкем қалалы елдің.
(Түсімде келеді ылғи дала көргім).
Кеудеме ырғақ салған жүректі ертіп,
Қай жаққа апарасың, қарагер-күн?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаладағы кентавр өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Қаладағы кентавр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаладағы кентавр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаладағы кентавр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері