Қайыршы – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Қайыршы» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 796
Базарда қолында шырылдап жылаған нәрестесі бар қайыршы келіншекті көрдім. Ол өзін аяй түссін деп, елге байқатпай, анда-санда баласын шымшып жылатып қояды...

Мен кеше көрдім сұп-суық өңін тірліктің,
Безеріп беті, көзінің нұры суалып,
Қарайды маған.
О, оның сұсы сұмдық тым.
Мен күлем оны ыза ғып.
Қарайды ол.
Жансыз жанары көрдей ызғарлы,
Аяздың аңқып зәһары.
Ол менің тұнық тіршілігімді қызғанды,
Жанына қамсыз жайбарақаттығым батады.
Күндейді сосын, теріс айналып қыстығып,
Кеудесін ауыр зіл басып, мені жек көре.
Күрсіне жаздап, ішімнен үнсіз ышқынып,
Жылыстай берем тымырсық қамап өкпеме.
Сосын мен оны алмастан мүлде есіме,
Жыл кешіп кетем, жүректен жырдың оты ұшып.
Әй, бірақ кімді мұқаттым?
Неге? Несіне?
Несіне күлдім жетісіп!
Мендегі сезім ат басын қайта бұрады,
Артымда қалған өмірге базар-былапыт.
Қайыршы тірлік «ая» деп күтіп тұрады,
Сәбиін шымшып жылатып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайыршы өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Қайыршы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайыршы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайыршы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері