Мәліксай. Мәди моласы – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Мәліксай. Мәди моласы» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Мына ауаға тұнып қалған сықылды
Мәди-жырдың мәрт, тәкаппар бітімі.
Қына, тасқа сіңіп қалған сықылды
Жасановтың мылтығының түтіні.
Қарағайдың шайыры боп шыққандай,
Қақабайдың қарау-қасіреттері,
Қылқанына жас қайғы боп жұққандай,
Қази қыздың жамал-жасыл көктемі.
Құстарының қиқуына көшкендей,
Қояндының жәрмеңкесі тарқаған.
Құштар үні Тәтті-күй боп ескендей,
Арқалансаң, күйді тыңдап, арқалан!
Мөлдірлікті биік тұтар мәрттігі
Шайтанкөлдің шарасында шүпілдеп.
Зеңгір көктен саулап тұрған нарт-нұры
Жайсаң ердің жүрегінде лүпілдеп.
Қоңыр самал тербеткендей аңызды,
Төрге өткендей жерден өріп бар киең.
Қоңыр кеште күбірлеген тәрізді
Жиренсақал әулием!..
Қарқаралы — көшірмесі жұмақтың,
Адамзаттың ең ежелгі мекені.
Саған жетсем көкірегімнен құлап мұң,
Көне тарих көз алдымнан өтеді.
Өтер өмір, көшер бастан шіркін күн,
Сенен табар тәубе-тірек бұ қазақ.
Қарқаралы — қара орманы рухымның,
Қасиетіңе мың мәртебе мінәжәт!
...Мына ауада тұнып қалған сықылды
Мәди үні — ұлт ұраны, ұлт үні.
Мына дөңде шіріп қалған сықылды
Жасановтың мылтығы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәліксай. Мәди моласы өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Мәліксай. Мәди моласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәліксай. Мәди моласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәліксай. Мәди моласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері