Кісікиік – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Кісікиік» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1176
Бала күнді еске аламын жиі мен,
Сол кезден-ақ мұңлы кісікиік ем.
Күн астында күреңітіп жүретім,
Кеудемдегі кәрі қобыз күйімен.
Балдәуреннің бақ-армандай бал күні
өте шығып,
жүректі ой тарпыды.
Көкірекке сызын сыйлап кетіпті
Бізді өргізген құралайдың салқыны.
Біз жөңкілген құба дала қырында
Қызық қалды алмастырмас ғұмырға.
Жастық дәурен үзіп қалды күдерін
Тұлғамыз да айналғалы тұғырға.
Киік кетті, кісімсіген мен қалдым,
Күйім кетті,
Қобыз қалды шалған мұң.
Бала кезді сағынумен келемін
Жарым жолын жүрмей жатып жалғанның...
Сапар мынау сағым қуып, салыққан.
Бөкен емес, бөрі алдыңнан жолыққан.
Көкжиекке сіңген киік — сырласым,
Одан өзге жоқ әлі ешкім мені ұққан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кісікиік өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Кісікиік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кісікиік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кісікиік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері