Өлең, жыр, ақындар

Сені күттім — нені күттім?!

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 912
Сені күттім — нені күттім?!
Көңілге алаң кірді.
Жетегінде жел-үміттің
жан — жадау, жанар — мұңлы.
Сен келмедің.
Шермендемін —
жүрегім сызға оранып.
Соңғы үмітім сөнген менің,
Кеудеме күз қамалып...
Түн алмасты, күн алмасты,
Еңсемді езіп түрлі ой.
Кеудемді зіл мұнар басты —
Уайым боп кезіктің ғой.
Ерке күнім — серке күнім
басымнан кетті-ау ұшып.
Елесіндей ертегінің
көркем күн көкке ауысып.
Үзілді үміт.
Түңілдіріп,
сырт беріп, сырғығансың.
Өзгелермен күліп жүріп,
маған кеп бір жыларсың!
Сені күттім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен бұлтпын үнсіз сырғыған

  • 0
  • 0

Мен бұлтпын үнсіз сырғыған
Адамзат шөлінің үстімен,
Абылдың көрінің үстімен.
Қабылдың күнәсін шыжғырған

Толық

Жазу

  • 0
  • 0

Кеудемді көмкергем арманмен,
Ақтарсам бола ма қажеті?
Есімде мектепте, балдәурен,
Содан соң...

Толық

Біздің қазақ

  • 0
  • 0

Кеше:
Маңдайында пешене бар жазылған,
Дүниені тітіреткен даңқымен.
Көрден аттап жан-жағында қазылған,

Толық

Басқа да жазбалар