Біздің қазақ – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Біздің қазақ» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 955
Кеше:
Маңдайында пешене бар жазылған,
Дүниені тітіреткен даңқымен.
Көрден аттап жан-жағында қазылған,
Адал өлген антымен.
Бүгін:
Бұрынғыдан өзгешелеу қазіргі ән –
Зар кешеді зау биіктің зарпымен.
Жүрегінде «Алла» деп жазылған,
Кириллица қарпімен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері