Қыз сыры – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қыз сыры» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 799
Оқулығын ашып қойып алдына,
Бір нүктеге қараудан көз талды ма,
Әлде іркілген жасын тыйып алды ма,
Кірпіктерін жиі қағып қалды да,
Сырлы сұлу ауыр басып аяғын,
Терезеге барған шақта аядым.
Тітіреніп тұла бойы дірілдеп,
Соғып жүрек дем алысы жиілеп...
Қараңызшы, түсіп кеткен иінін,
Ауырлығын көрсетпей ме күйінің?
«Отты көзін қадағанда елжіреп,
Келші, қалқам, деп тұрғандай келшілеп.
Тілдесуді телміруден ерсі деп
Ойлай ма екен, неге іркілді ыстық леп»
Дегендей бір ақ жүзінде із тұрды
Үнсіз жүдеп ауыр ойда қыз тұрды.
Жанарына ұялаған жан нұры
Жалт еткенде сездім осы бір сырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз сыры өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қыз сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері