Өлген соң бай мен жарлы мал демейді – Орынбай Бертағыұлы

Бұл бетте «Өлген соң бай мен жарлы мал демейді» атты Орынбай Бертағыұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3610
Өлген соң бай мен жарлы мал демейді,
Мынаны бер, мынаны ал демейді.
Басына бай кісі өлсе, жастық тастап,
Астына қалың көрпе сал демейді.
Жарлыны, кәне, байдан кем көргені,
Бетіне бірдей қылып өң бергені.
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап,
Құдайдың осы емес пе тең көргені.
Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды,
«Құдай» деген пендесін жарылқайды.
«Адам басы - алланың добы» деген,
Соқса да қалай қарай домалайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлген соң бай мен жарлы мал демейді өлеңінің авторы кім?

Орынбай Бертағыұлы — осы өлеңнің авторы.

Өлген соң бай мен жарлы мал демейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлген соң бай мен жарлы мал демейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Орынбай Бертағыұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлген соң бай мен жарлы мал демейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері