Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден – Орынбай Бертағыұлы

Бұл бетте «Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден» атты Орынбай Бертағыұлы жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3633
Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден,
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден.
Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей
Көзіме көріндің-ау келген жерден.
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей,
Ақылың Оман дария кемесіндей.
Сұрасаң биіктігің, мен айтайын,
Күн шалған Алатаудың төбесіндей.
Орынбай, кәне сенің шешендігің,
Көп шығар жігіттікте есерлігің...
Атығай, Қарауылдың жақсылары
Жіберді біліп кел де есендігін.
Ұсынса қол жетпейтін асқар белім,
Өлімнен қарсы келген қайтпас серім.
Қарындас қадір білмес тіршілікте,
Атадан асып туған есіл ерім!
Иілмес қарағайдай терегімсің,
Ақылың көз жетпейтін зерегімсің.
Қазақтың қазақ иісі тұрған шақта,
Алаштың баласына керегімсің.
Біз көрдік хан, қараның күйі-жайын,
Өсектеп жақсыларды не қылайын.
Көңілден қиял шығып, шат болушы ек,
Батырым, дидарыңды көрген сайын.
Есілдің ұзын бойын жүрдің жайлап,
Жібектей шалғынына бие байлап.
Керек бай, керек жарлы қонақ келсе,
Алдынан шығушы едің қойың сайлап.
Елге кек, жұртқа намыс іс кез келсе,
Жақұттай шығушы еді көзің жайнап.
Уай, Ерден, енді тумас сендей көзел
Ішінен Бағаналы судай қайнап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден өлеңінің авторы кім?

Орынбай Бертағыұлы — осы өлеңнің авторы.

Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері