Жүрек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жүрек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 654
О, жүрек!
Жұдырықтай ғана бұлшық ет!
Бар еді сенде
Ғажайып қандай күш-құдірет.
Лүпілмен ғана,
Өмірді жалғай аласың
Түйілсең кейде
Дейсің: ал кәне менсіз қыбыр
Елжіреп елтіп
Табындырар да сәтің бар
Көбелек болып
Өлеңге өретін ақындар.
Топ етіп.
Жылан арбаған торғай тәрізді
Асқақ арулар
Алаулап өзі жақындар.
Сендегі, ой хой,
Мейірім қандай мейірім!
Жан атаулының
Билейтін сенсін бейімін.
Ұшқан құс
Дүлей тағы күш аттап өтпес қып,
Сен оятасың ұрпаққа деген
Ата-аналық ұлы сезімге пейілін.
Әттең-ай, Тәңірім
Біреуге сені ірі ғып,
Біреуге қуыс,
Әйтеуір жүрер тірі ғып,
Біреуге тас қып,
Айбынды қылып біреуге
Бергенін неге
Айтар
Бұл пәни дүниеде кім ұғып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері