Үш қадірсіз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Үш қадірсіз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1714
I
«Үш қадірсіз,
үш арсыз» бар дейді халық,
Түсініп терең,
айтқан ғой төркінін танып.
Қысқа жаз өтіп,
қоңыр күз жетіп жатады,
Өткеріп бәрін
жүрміз бе мәніне барып.
Амандық, жастық,
денсаулық дейді қадірсіз,
«Басқа іс түскен
баспақшыл» шақта танисыз.
Өткізіп алып,
өкініш шеккен пендеміз,
Тартпайтын аяқ
түскенше барып қабырға із. 

II
Ұйқы мен күлкі,
тамақ дейді ғой арсыздар,
Жатса да мұның
мағынасында қанша ызғар,
Ұйқы ұйықтап,
тамақ іштің деп ешкім сөкпейді.
Қайғылы қаза
үстінде дағы жан сыздар.
Жер басып жүре
алмайтынындай ауасыз,
Тірліктің көзі,
қалай деп кінә тағасыз!
Күрмеліп тілі,
аяғын әзер басқанды айт,
Аянышсыз-ақ
бейшара дерлік дауасыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш қадірсіз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Үш қадірсіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш қадірсіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш қадірсіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері