Елге барсам – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Елге барсам» атты Қалқаман Сарин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2021
  • 0
  • 0
  • 4698
Еее, өмір-ай, арылтпай мұнар мұңнан,
Сағынышқа сарқылмас сыңар қылған.
Елге кеткім келеді,
Елге барсам
Елең қағып шығады кім алдымнан?
Кім алдымнан шығады елге барсам,
Туып-өскен,
Түлеген жерге оралсам
Еркелетер таба алмай екі адамды,
Басылмайды-ау бәрібір мендегі аңсар.
Елге барсам,
Басына шыт байлаған,
Баяғыдай алдымнан шықпайды анам.
Көне қорым көзіме түскен сайын,
Көңіл босап боздауық бұлтқа айналам.
Баяғыдай ауылда әкем де жоқ,
Тура сөйлеп сынайтын қатемді өжет.
Өткелінен өткізбей жұтты оны да,
Өлім деген - қатыгез, қатерлі өзек.
"Анаңыздың қолынан дәм татып ек,
Ал, әкеңіз талайға арқатірек
Болып еді!" - деп көрші еске алады
Елге барсам,
...Ескі үйге қорқа түнеп.
Екі бейне сол сәтте-ақ елес беріп,
Ести бергім келетін көп естелік.
Егілгенде жұбаныш бола алмадың,
Еее, өмір-ай, өз балаң емес пе едік?!
Өмір, өмір өтеді-ау сірә да, өстіп
Бірде күліп, ал бірде жылап, өксіп,
Көңіл сенбей көп іске құлазиды,
Тұрсадағы көз көріп, құлақ естіп.
Көзден емес жүректен жас моншақтап,
Көкке қарай беремін жасқаншақтап.
Түбі -
Кеңдік,
Биіктік,
Мөлдірлікті,
Сақтап қалса қалады-ау аспан сақтап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елге барсам өлеңінің авторы кім?

Қалқаман Сарин — осы өлеңнің авторы.

Елге барсам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елге барсам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалқаман Сарин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елге барсам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері