Александр Блок

Бұл бетте «Александр Блок» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Александр Блок –
Мәңгі жас жүрек
Үмітін бір үзбеген.
Батып алтын ойға,
Талмай қарап Айға,
«Әдемі әйел» іздеген.
Көрінер деп күнде,
Табылар деп түнде,
Шарқ ұрудан талмаған.
Александр Блок –
Мәңгі жас жүрек,
Қай жерге ол бармаған!
«Әдемі әйел»–идеал,
«Әдемі әйел»– бір қиял
Блоктың басын байлаған.
«Әдемі әйел»– бір гүл,
Блок – бір бұлбұл,
Блок – бұлбұл сайраған.
Сайраған Блок,
Ойнаған жүрек –
Кейде үміт, кейде зар.
Өтеді өмір,
Бітеді жыр,
«Әйелден» бірақ жоқ ошар.
Күндерде бір күн,
Түндерде бір түн
Улы балды бітті жыр.
Төсекте Блок
Көз ашып көред –
Алдында бір кемпір тұр.
«Әдемі әйел» – идеал,
«Әдемі әйел» – бір қиял,
Идеал, қиял – бір сағым.
Жанады жүрек,
Жылады Блок,
Көріп сөнген шырағын.
«Әйел» – идеал,
Кемпір – ажал
Тұр Блокқа үңіліп.
Сөнді енді өмір,
Бітті енді жыр,
«Әйел» қалды жыр болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Александр Блок өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Александр Блок өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Александр Блок өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Александр Блок өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері