Достық һәм көз жасы – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Достық һәм көз жасы» атты Мағжан Жұмабаев жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Достықты мастық туғызад,
Шын-шын достар - екі мас.
Жүректі мастық өртейді,
Төккізіп көзден ыстық, жас.
Достықты ауру туғызад,
Ауру адам - адал дос.
Ауру көз жас төккізед,
Ауырсаң ғана жүрек бос.
Айық адам - аң адам,
Дені сау адам - бейне тас.
Достыққа баға бере алмас,
Төкпес ол көзден ыстық, жас.
Шын дос боп ыстық жас төксін
Десең, досқа арақ бер,
He болмаса, Тәңіріден
Ауру бер деп тілей көр!


Пікірлер (5)

Аяулым

Өте жақсы өлен еке

Мария

Киынго????

Бека

Мә

Бека

НОРМАЛЬНО

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық һәм көз жасы өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Достық һәм көз жасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық һәм көз жасы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық һәм көз жасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері