Бұл бетте «Журналист» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Экрандарға —
Көздердің қараттың бәрін,
Эфирлерден —
Өмірдің тараттың әнін.
Жүректерге жол тартқан —
Журналистерім,
Журналистерім — қанаттыларым!
Мен күндерімді
Сендерсіз аз өткеріп ем,
Жылы жүрексіңдер —
Жандарды жаз еткеніңмен
Кеуделерге көктем боп жетесіңдер,
Экран,
Эфир,
Журнал,
Газеттеріңмен,
Жағалауын толқындай
Қайта ұрмаған арын ба?
Арқа сүйеп тұр елім,
Жай тұрмаған дарынға!
Атылса,
Бақыт боп атылатын
вулкандарым,
Бар, сендердің —
Айтылмағандарың да.
Шырқайсыңдар,
Сағыныш сырымен бұл өмірдегіні.
Қуаныштарын елімнің —
гүл өңіңдегіні.
Айтылар армандарым деп үғам,
Журналист, сенің
Жүрегіңдегіні!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі