Маған деген бейілің алабөтен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Маған деген бейілің алабөтен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 946
Маған деген бейілің алабөтен –
Теңіз бе екен,
тау ма екен,
дала ма екен?!
Гүл өңіңді,
тілегің,
жүрегіңді
қайда жүрсем, өзіммен ала кетем.
Жүз өртеніп,
жолықсаң, жүз жанасың,
Қылығың бар қырмызы қыздан асыл.
Құдай қосқан қосағың болмасам да
көк аттыдан көлденең қызғанасың.
Өліп-өшіп сүйердей сонша кіммін? –
Алыс кетсем, шегі жоқ аңсауыңның.
Кермек дəмін тататын кезім де бар
кірпігіңе тізілген моншағыңның...
Тауды да алаң етпестен, бауды да алаң
сонша неге бейілің ауды маған?
Сағына да білетін, қамыға да
жанарыңнан айналдым жаудыраған!
Қатар жүрсек біздерден қайғы үркеді,
Ақ самала сəулесін ай бүркеді.
Аққуынан көз жазып қалатындай
сен болмасаң көңілдің айдын көлі.
Бауырыңмен жылытып өзге ұяны
өтіп жатыр басыңнан кез миуалы.
Асылзада сыпаттас сыңарым-ау,
Қайтіп сені езгеге көз қияды?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маған деген бейілің алабөтен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Маған деген бейілің алабөтен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маған деген бейілің алабөтен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маған деген бейілің алабөтен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері