Бұл бетте «Мен сені қызғанамын» атты Бақберген Арысланбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені қызғанамын көрінгеннен,
Тып-тыныш кеталман жөнімменен.
Мен сені қызғанамын көрінгеннен,
Қызғанумен өтермін өмірден мен.
Жылпостардан өзіңді қызғанамын,
Ойласам көңірсиді шыжғанағым.
Өмірге түсінбеймін, адамға да,
Қызғанышын кешіре гөр біз баланың.
Қызғанамын сұқтанып қарағаннан,
Беті жылтыр, ал, ойы қаралардын.
Мен сені қызғанамын жас жігіттен,
Орта жастан жəне де кəрі адамнан.
Мен сені қызғанамын арзан сөзден,
Өзіңе əзіл айтқан күлім көзден.
Аз емес мен білмейтін күлім көздер,
Мен сені қызғанамын мыңнан, жүзден.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі