Жұлдым, таттым талайын көк алманың – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жұлдым, таттым талайын көк алманың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Жұлдым, таттым талайын көк алманың,
Сүйдім, таптым деп жəне көп алдандым.
Қанша қыз бар қалада...
Сенен бірақ
асып туған аруды таба алмадым.
Сен сұлусың бəрінен!
Жоқ күмəнім,
Қайтем көлдің көзбояу көк құрағын!
Жалғыз сəтке жанымда болмай қалсаң,
Көңілімді – көбелек отқа ұрамын.
Сен сұлусың,
Көзіңде – көл бейнесі.
Желбір қағып, үкілім, желге ойнашы.
Мынау бес күн жалғанда жалт етпелі
Кімнің сұлу болғысы келмейді осы?!
Сен ерексің,
бөлексің, дара, ғажап!
Сендей сұлу қыз мына қалада жоқ!
Қыз Жібекке теңей ме, білмесе егер
сұлулықтың қадірін дана қазақ?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдым, таттым талайын көк алманың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жұлдым, таттым талайын көк алманың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдым, таттым талайын көк алманың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдым, таттым талайын көк алманың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері