Ұлытауымның дара шыңында – Ғалым Жайлыбай

Бұл бетте «Ұлытауымның дара шыңында» атты Ғалым Жайлыбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1453
Ұлытауымның дара шыңында
Ұлтыма біткен бар әлем.
Қараша айының қарашығында
«Қарғам-айлаған» қара өлең.
Сарыарқа жақта сағым биледі,
Желпініп кейде жел ессе.
Жанымның жалқы жалын күйлері
Дүбірің сенің емес пе?
Арғымағым-ай,
Ар қанаттым-ай,
Аламан көрген ақ таңда.
Жарығы жанда жатталатындай
Баяны мәңгі бақ бар ма?
Тізгінін тарттым қаракерімнің,
Бір күнім аумай бір күннен.
«Қарғам-айлаған» қара өлеңімнің
Кекілін сылап тұрмын мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлытауымның дара шыңында өлеңінің авторы кім?

Ғалым Жайлыбай — осы өлеңнің авторы.

Ұлытауымның дара шыңында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлытауымның дара шыңында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғалым Жайлыбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлытауымның дара шыңында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері