Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл – Ғалым Жайлыбай

Бұл бетте «Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл» атты Ғалым Жайлыбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1846
Еспейді самал таңменен
Шалдыққан шартарабымда.
...Жазира Жаңаарқам менен
Қара орман Қарқаралымда.
Мұң емес – мұқалмас қайғы,
Ғасырдың қауіпті өткелі.
Жусаны жұпар шашпайды
Ақбөкен ауып кеткелі.
Келгендей Арқаға құрдым,
Тажалға лағынет, мейлі –
Жаңаарқа, Қарқаралының
Базарда малы да өтпейді.
Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай, ретің сынар:
«Гептилді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар...
Қайтейін, асығыс бәрі,
Жөн еді қашық ұшқаны.
Ресейдің құламаса екен
Зымыран тасығыштары».
Арқам-ай, арқаға батты,
Ауыл тұр шайқала... жүдеп.
Құрдасым тартады арақты:
– Уды у қайтарады, – деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл өлеңінің авторы кім?

Ғалым Жайлыбай — осы өлеңнің авторы.

Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғалым Жайлыбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері