Бастағы балғын шақтың баяны ұшып – Ғалым Жайлыбай

Бұл бетте «Бастағы балғын шақтың баяны ұшып» атты Ғалым Жайлыбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1377
Бастағы балғын шақтың баяны ұшып,
Барады күндер зулап,
ай ауысып.
Сайыңнан сайран таппай
саяқ кеткем,
Қайыңнан қайран таппай
сая құшып...
Күрсінтіп,
күреңітіп күз көшеді,
Көңілім көшкен күзден із кеседі.
Елсізде еңіс қуып
ескен желдей
Елуге еру қондық біз де есебі.
Көргенім белес пе еді,
елес пе еді,
Жанымда жанған сол от неге өшпеді?..
Менсіз де өлең – дүние деп ойладым
Елсізде еңіс қуып жел ескелі.
Уақыт!
Сенің құштық саяңда арай.
Керуен көшін түзеді аялдамай.
Аялдамай...
бағытын баяндамай –
Түнгі аспанда барады аяңдап Ай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастағы балғын шақтың баяны ұшып өлеңінің авторы кім?

Ғалым Жайлыбай — осы өлеңнің авторы.

Бастағы балғын шақтың баяны ұшып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бастағы балғын шақтың баяны ұшып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғалым Жайлыбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бастағы балғын шақтың баяны ұшып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері