Жауыздыққа жаны қас – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жауыздыққа жаны қас» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 975
Жауыздыққа жаны қас,
Дес бермеген,
Ақиықтың ұрпағы ем төске өрлеген.
Сахарадай кеудемді күмбір-күмбір,
Жыр-жиһазбен жасанған
Көш кернеген.
Арғымақ ат – нақ дүлдүл
Тақымымда,
Кетпесе екен тағы да қапы мұңда.
Құладүзде қасқая жол бастаған,
Сен не айтасың, Алатау,
Ақын ұлға?
Жетем бе екен,
Білмеймін дегеніме?
Ұсынамын елімнің елегіне.
Ымырт түссе ырықтап,
Жарық күнді,
Ғұмыр тілеп,
Көз жұмам өлеңіме.
Жоғалмасын әнімнің мағанасы,
Шарықтасын арманның шағаласы.
Ақиықтың ұрпағы ем көкке өрлеген,
Қара басым – қара өлең –
Садағасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауыздыққа жаны қас өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жауыздыққа жаны қас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауыздыққа жаны қас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауыздыққа жаны қас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері