Сілбілеп жауын жауды – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сілбілеп жауын жауды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1236
Сілбілеп жауын жауды ...
Сұрқай ғалам,
Түксиіп, басты еңсені – сырт, айналам.
Сезімнің терезесін тамшы ұрады,
Жан таппай бебеу қағып, шырқ айналам.
Ақ нөсер апай-топай селдетеді,
Бір сәтке дамылдасаң нең кетеді?
Көк аспан – көз шарасы Ақзер қыздың,
Сағыныш саған деген шөлдетеді.
Сілбілеп жауын жауды түніменен,
Көңілге кірген еді, күнім, елең.
Жымиып бір күлесің, ынтықтырып,
Бітеді –
Біле алмаймын, түбі немен?
Ақ нөсер ақ жүзіңді шимайлайды,
Кеудеме
асқындайды симай қайғы.
... Кетермін батқан күннің шапағымен,
Өзіңнің қылығыңды қимай мәңгі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сілбілеп жауын жауды өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сілбілеп жауын жауды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сілбілеп жауын жауды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сілбілеп жауын жауды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері