Сексеуіл – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сексеуіл» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 855
Сексеуілдің түбінде бейнесі елдің,
Ізі терең түседі кей кеселдің.
Аңызақтың өтінде аптабы бар,
Ессіз-түссіз етеді кейде сең-мұң.
Иір-қиыр бұтағы – қасіретті,
Қайғыны алып тәңірі бәсіре етті.
Өзгеріс жоқ өңінде содан бері,
Шымқай сұрқай, қаншама ғасыр өтті.
Білеу-білеу тамыры тарамданған,
Шебер құдай ал, бұған сараңданған.
Бір қылтанақ таппассың бұтағынан,
Құмға бауыр басыпты қараң қалған.
Сағым тисіп, сайтаннан жүрсе аумаған,
Шемен-шерің өн бойын құрсаулаған.
Құдіретті Күн де әсер ете алмады,
Ажарынан амалсыз нұр саулаған.
Аянышты бәтірдің күні қандай,
Қайғы жатар кеудесін тіліп алла-ай.
Онысыз да өзегі – өрт, отқа салсаң –
Жанып кетед бейшара күлі қалмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сексеуіл өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сексеуіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сексеуіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сексеуіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері