Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1273
Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің,
Жалғанды басып өтерсің бәлкім қоншыңнан.
Тағдырдың шертіп жұмыр шекесін,
Ұрарсың аузын жандардың талай қомсынған.
Таусылмас салымың, ырық-күшің бар,
Айқайла тауға, құдірет – өзің, қаймықпа.
Төрт қарғаң өсер-ау – қырық кісің бар,
Таймайтын әсте қызығып жолдан байлыққа.
... Шуаққа тоймадың, зират – мекенің,
Үніңді тыңдап, мінәжат етіп табынам.
Алыстан сағынып, қирап жетемін,
Өртеніп-ісіп, жасымның ыстық табынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әке сен, тірісің – ғұмыр кешесің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері