Адам едің, аруаққа айналдың – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Адам едің, аруаққа айналдың» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Адам едің, аруаққа айналдың,
Өзіңменен жолығуға жай қалдым.
Көз шараңа мөлдіреп жас тұнды ма,
Сұлулығы бар еді ғой Айманның.
Енді бүгін иманыңа байландым,
Көңіліме қасірет пен қайғы алдым.
Ай қорғалап, мәуіті түн мүлгиді,
Қапияда ұшырасты қайдан мұң?
Жер жасырды жамалыңды күн өпкен,
Ыңырсыған үн естідім түнектен.
Жаназаң да шықпапты ғой, әттең-ай,
Дүниеден дәл өзіңдей кім өткен?
Тағдырыңның тартқаны ма айбынған?
Мұндай өлім кездеспейді әй, мыңнан.
Селт етпейтін ешқашан да қазаға,
Тітіренді қабірің де қайғыңнан.
Жоқтамады ешкім сені аңырап,
Өзің өскен үйің қалды қаңырап.
Енді бізді жатырмысың қия алмай,
Жәннат ғұмыр қақ төріне барып ап.
Сен ол бетте, біз бұл жақта бекіндік,
Айқайласақ дауыс жетпес,
Өкіндік,
Өлгеннен соң бәрі шықты ап-айқын,
Тірлігіңде байқалмаған жетімдік.
Көтермедім қасіретті, бүгілдім,
Жанарымның жайлап алған түбін мұң.
Мәйітіңді қайта қазып алсам ба?
Құлағымда зары қалды үніңнің.
Түнде ұйқысыз, күндіз пәңгіп шер іштім.
Еш емі жоқ жүректегі беріштің.
Әлдеқашан о дүниелік анаңмен,
Сені жоқтап жалғыз өзім көрістім.
Марқұмды мен көргем жоқ қой, көрмедім,
Көз алдымда көлбеңдеді көр, кебін.
Өзіңмен де жүздеспедім, тілдестім...
Анаңменен қатар жүріп жерледім.
Өлгеннен соң оранады тән аққа,
Аруаққа айналасың заматта.
Ұшыраспай кеттік, әттең, тірлікте,
Жолығысып қалармыз ба жәннәтта?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам едің, аруаққа айналдың өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Адам едің, аруаққа айналдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам едің, аруаққа айналдың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам едің, аруаққа айналдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері