Көкпар-өмір

Бұл бетте «Көкпар-өмір» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 596
Көз ұшында,
Алысқа самғаған ат,
Бойға желік бітірді, жанға – қанат.
Ақбоз мінген бозбала ағызып кеп,
Өте берді біздерді шаңға қамап.
Енді аңғарып, көкпарды дегбір кетті,
Қиқулатып көбейтті ел дүрмекті.
Делебемді қоздырып ұлы дүбір,
Қамшыладым, еріксіз теңбіл көкті.
– Шү-у, жануар!
Ұрымтал тұста мына,
Досқа күлкі, таба етпе дұшпаныма!
Қарсы алдымнан жалт еткен сол көкпардың,
Мен де создым қолымды пұшпағына.
... Осы жолда түсерміз отқа небір,
Айдалаға бос шаппа,
Тоқта, көңіл!
Қалжыраған кезімде қалтарысқа,
Тастап кетіп жүрмеші, көкпар-өмір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкпар-өмір өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Көкпар-өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкпар-өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көкпар-өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері