Тағы бүгін таусылдым табанымнан – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тағы бүгін таусылдым табанымнан» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 776
Тағы бүгін таусылдым табанымнан,
Түк шықпады таудай-ақ талабымнан.
Жоқтығы ғой бармақтай бақтың баста,
Сорым екен көремін тауанымнан.
Құрсын бәрі ішейік, тайынбайық,
Әкетті алыс жағадан уайым-қайық.
Әбубәкір, жыр оқы серпілтіп бір,
Болып жатыр кеудемде ойым майып.
Тұрар дейсің өмірдің несі есімде,
Пәтер тауып тағы, Әбіш, көшесің бе?
Жүрген кезде арманға иек артып,
Қалармыз ба астана көшесінде?
Көр де жырла тәлейдің шырғалаңын,
Айырмасы көп бөлек қыр, қаланың.
Дәптерімді қолға алсам, қаламымды,
Жұбайымның жасына бір маламын.
Еңбегіміз кетпесін, құрдасым, еш!
Жырларымыз жылатып, құмға сіңбес.
Тұғырымыз биіктен қол бұлғар-ау,
Бағамызды алармыз бір ғасыр кеш.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы бүгін таусылдым табанымнан өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тағы бүгін таусылдым табанымнан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы бүгін таусылдым табанымнан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы бүгін таусылдым табанымнан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері