Қарасора – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қарасора» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 794
Бозарыпсың боз дала нала сора,
Бетегең де тыныпты аласара.
Зеңгітетін басыңды бейуақыт,
Кеткенге ұқсайд көбейіп қарасора.
Қарасора келетін тебінгіден,
Күтсем күтем тек сенен өлімді мен.
Шеккендердің «азайып» қайғы-селі,
Өмір сүру оларға жеңіл білем.
Жеңеріне адамды сенімді ме ең?
Қарасора – қара мұң қара батпан,
Орын алдың оңдырмай бар алаптан.
Әлдекімдер тұншықса түтініңе,
Қадады ине біреулер жаралап тән.
Қалжырайды буыңнан...
Құнығады,
Сұмдықпенен санасы былығады.
Құны әлемнің ол үшін бақыр тиын,
Саудың тілін содан соң кім ұғады?
Кәйіп қурай – атауың қарасора,
Аздырасың қоғамды жара сала.
Менің халқым көреген,
Әу бастан-ақ,
Боларыңды білген ғой қара сор, ә-ә ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарасора өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарасора өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарасора өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарасора өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері