Күнәһар қу ұсталды қолы қанды – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Күнәһар қу ұсталды қолы қанды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 684
Күнәһар қу ұсталды қолы қанды,
Ұрлық – мансап, кәсіп қып соны мәңгі.
Ат жалында жүреді түн жамылып,
Әбден әккі сырқынды болып алды.
Құлғанадай қоймайды аңдығанын,
Ей, жылқышы, жанға қас – қалғығаның.
Ымырт жайлап келеді бір қарақшы,
Нысана етіп жусаған малды қалың ...
Ірге күш те көрсетпей қапы қалдың,
Жер дөңбекшіп шарасыз ақыладың.
Ию-қию шұрқырап қалың жылқы,
Аспан асты, жер үсті шатынадың.
«Аттандады» бәз біреу барқыраған,
Деді ме екен: «жылқымды тартып алам».
Шүйдесінен тиді де дүмді сойыл,
Кеудесінен үн шықты қорқыраған.
Жылқы кетті дүркіреп – жаудың малы,
Жоғалғандай жайлаудың, таудың мәні.
Тұл жамылып талай ат белдеулерде,
Бір-ақ күнде мәңгіріп қалдың, әне.
Қызығы да көшкендей, думаны да,
Жоқтау айтты азалы үй туғанына.
Жеткізбеді бәрібір жырынды қу,
Жабыла кеп жамиғат қуғанына.
Бұл – бір емес, қаншама зар илетті,
Теріс азу немеге әр үй кекті.
Тұтқындалды зәумен кеп зәндеміңіз,
Көрген көздер бірден-ақ тани кетті.
Мойындамай ешбірін тана берді,
Құдай шебер саспайтын сана берді.
Ант-су ішіп қарғанды кәдімгідей,
Бақырайтып тайынбай манағы елді.
«Қара күмән! – деді бір
шал шапанды,
– Имансыз ит жылқымды алса, танды.
Көр қазыңдар, өтеді үстіменен,
Құран ұстап,
Жығылып қалса – қалды».
Қорымға әкеп көр қазды лақаттаған,
Таппайды екен барқадар бата аттаған.
Құран ұстап, нан ұстап тақтайменен,
Өте бере құлады шатақ, надан.
Со бетінде кесекпен төпеледі,
Тірліктегі қылығы төтен еді.
Шығарылды қарғыспен жаназасы,
... Көп өкініш қайткенде өтеледі?
Ой мұхитқа жетелеп мың апарды,
Жауға бөгіп тұрғандай жыра таңғы.
«Қара күмән» бізге де тым-ақ қажет,
Жерлеу үшін бір жола күнәһарды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнәһар қу ұсталды қолы қанды өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Күнәһар қу ұсталды қолы қанды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнәһар қу ұсталды қолы қанды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнәһар қу ұсталды қолы қанды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері