Торлады ма жаныңды кіреуке шын – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Торлады ма жаныңды кіреуке шын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 776
Торлады ма жаныңды кіреуке шын,
Қайтайықшы қыдырып, жүр, еркешім.
Күте-күте көңілің айғызданды,
Аралайық даланың күрең төсін.
Самал ессін самайдан, сағым іліп,
Көлеңкелі тірліктің шағын ұмыт.
Өзің мені ақын ғып шығарып ең,
Өзің мені жібердің тағы ғылып.
Шамданасың, өксігің қабындаған,
«Кешіктің» деп кінә арттың, жаным, маған.
Қанат қағып кетсем де түйсіз құзға,
Сенің ғана саяңда дамылдағам.
Қайтайықшы қыдырып қыр, даланы,
Ақша жүзің сол сәтте нұрланады.
Жадырасаң көктемнің күндеріндей,
Жарыңның да ашылар бір қабағы.
Кейімеші кешіксем, көшебелім,
Қаншама рет шайыңды еселедің?
... Күліп қарсы ап, мойныма қолыңды артсаң,
Көгермесін көрер ем көсегенің.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торлады ма жаныңды кіреуке шын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Торлады ма жаныңды кіреуке шын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торлады ма жаныңды кіреуке шын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торлады ма жаныңды кіреуке шын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері