Қаншама сені жылаттым, мұңға бөледім – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қаншама сені жылаттым, мұңға бөледім» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1034
Қаншама сені жылаттым, мұңға бөледім,
Айтқанға көнбей алжасып, сұмға келемін.
Тілін емізіп алдайды жалмауыз кемпір,
Тіредім талай тұмсығын құмға кеменің.
Жасыңды төгіп айтқанда тыңдамап едім,
«Қош бол» деп саған қолымды бұлғамап едім.
Періштем, тағы жолымнан шықпағаныңда,
Құрдымға батып, бір жола тынған-ақ едім.
Бір күндік думан қайдан да табылады әлі,
Бекем болмасаң сайтандар сабылады әні.
Бағзы заманғы гректің аңыздарындай,
Кеш білдім қу қар дуамен жадылағаны.
Құдайдың ісі, тәлеймен таласпағамын,
Керек-ақ енді шатасып, адаспағаным.
Періштем менің, пәктіктің тәңірі тектес,
Кіршіксіз әппақ арыңмен аласталамын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаншама сені жылаттым, мұңға бөледім өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қаншама сені жылаттым, мұңға бөледім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаншама сені жылаттым, мұңға бөледім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаншама сені жылаттым, мұңға бөледім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері