Бесінші тыныс – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Бесінші тыныс» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 697
Жағада жүзген аққумын,
Жайымды менің кім ұғар?
Жанымның батпан мұңы бар,
Кеудеме сүңгі сұғылар,
Көзімде жастың дымы бар.
Құрбаны менмін тәтті удың.
Жағада жалғыз бейбақпын,
Мұңына малтып, бөленген.
Құтылмас шерден, шеменнен,
Бақытым сормен төленген,
Тәлейге қайтем, көнем мен.
Жанымды жатып жейді-ақпын.
Сағыныш жайлап, меңдеген,
Жүрекке беріш байланды.
Арманым менің қайда әлгі?
Жасаған арбап Айды әңгі.
Көрем бе сұлу Айнамды?
Көзіне мәңгі шөлдеген.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бесінші тыныс өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Бесінші тыныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бесінші тыныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бесінші тыныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері