Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 697
Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім,
Жетті саған бар сырым желмен менің.
Қызыліңір шақта бұл кеш оянған,
Махаббатым сен бе едің келген менің?
Өмірімнің түсі ауып, ымырттанған,
Нәзік сезім беймезгіл ырықты алған.
Екі мүшел жеткенде жасқа мынау,
Махаббатың осы ма, құрып қалған?
Көңіл құлап, шынымен аласұрам,
Салсақ деймін оңаша жарасып ән.
Жанбаған соң алаулап, жалын шашып,
Сақтағайсың қоздаған шаласынан.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері