Ай – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ай» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 840
Мақпал түннің қойынында толған Ай,
Барар едім...
Тапсам екен жол қалай?
Мен сияқты көп ғашықтың бірі ме?
Таяп барып, ақты жұлдыз сорғалай.
Байыздатпай ежелгі ынтық көңілді,
Ұялды ма Ай, шәрбі бұлтқа көмілді.
Жерде тұрмын ...
Сүйген жүрек – есуас,
Сәуле шашып, жұлдыз біткен емінді.
Кепкен кезі құмарлықтан аңқаның,
Өткерді ме Ай-ару да бал таңын?
Кірпігінде бар сияқты мұң-нала,
Әлдекімнің жеткені ме?..
Қорқамын ...
Күйреді ме тым кездейсоқ арманы?
Опынғаннан шайналды ма бармағы?
Ай жүзінен көзімді алмай телмірдім,
Ой, сұмдық-ай, ноқта тектес бар дағы.
... Толған Айдың мақпал түнде түрі әсем,
Сүдініне ұқсайсың-ау, сірә, сен ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері