Ойын – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ойын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1076
Аптап күннің бірі-тын ыстығы асқан,
Тұнжыр әлем – сүреңсіз мысты басқан.
Су шашысып ойнадық, алаңсыз біз,
Түк қалмады – малмандай – үсті-бастан.
Бір ыстығым тарқады денемдегі,
Су құйылды мойныма легендегі.
Мен де шаштым қыздарға,
Ойын қызық,
Ерсі шығар, бірақ та еленбеді.
Шомылғамын желіктің «Жайығына»,
Ештеменің бармадым байыбына.
Келіп қаппын қасыңа,
Ақыл-есім,
Кеткендей-ау суменен шайылып ә-ә...
Салқарлықты сап тыйдың табанда сен,
«Үнін сыйла күлкіңнің маған десең.
Жүрегімді берейін кеудемдегі,
Жазым етсең, шырпыдай жанам да өшем».
– Гүлнәр, – дедің, – есімім.
Салқын ғана,
Мас болғандай сезіндім бал тұнбаға.
Ақ шолпандай алдың-ау арбап мені,
Көз алдымнан жоқ болдың жалқындана.
Ұқсатамын Байронның Гүлнарына,
Шоқ тастадың сезімнің шыңдарына.
Мәңгі сені сағынып, қосып өтем,
Анахорет секілді жырларыма.
Жұлдызымсың қол жетпес алыс тұрған,
Мың сан қызбен өзіңді салыстырғам.
... Сол ойынға шектен тыс қарыздармын,
Сені менен мені әкеп таныстырған.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ойын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері