Періштесің жүрекке сыр тұндырған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Періштесің жүрекке сыр тұндырған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 869
Періштесің жүрекке сыр тұндырған,
Асқан бақыт табылмас шіркін, бұдан.
Ғашық еттің мәңгілік жанарыңа,
Ішімде – күй, шалқыған сыртымда да – ән.
Көгершінім, кеудемде қанат қақтың,
Ұя салдың, жанымнан тағат таптың.
Сен мұңайсаң, қаламын мен күрсініп,
Қимылыңды қалт еткен санап бақтым.
Қарай берем көзіңе мөлдіреген,
Сағымдай ғой желегің желбіреген.
Көңіл – елік, кетеді желдей есіп,
Жазылмаған, қалқам-ау, сен – бір өлең.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періштесің жүрекке сыр тұндырған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Періштесің жүрекке сыр тұндырған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періштесің жүрекке сыр тұндырған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періштесің жүрекке сыр тұндырған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері