Нысана – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Нысана» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1219
Қызыққа толы сәнді өңір,
Сағына соны аңсадым.
Жайлауын іздеп сал-көңіл,
Есіме түсті бал шағым.
Ақкекіл атты жабулап,
Жүруші ем жайлау төрінде.
Аңыз ғып жатыр ауыл жақ,
Сөз етіп күміс ерін де.
Кермеден шешіп шылбырын,
Торының тағып тұмарын.
Іңірдің естіп сыбдырын,
Тұрушы ем қанбай құмарым.
Сол бір кез керім сән екен,
Маңдайын сипап екі інім.
«Нысана» дейтін жан әкем,
Күмістей әппақ кекілін.
Дақпырты тарап күллі елге,
«Ақкекіл торы» атанған.
Дүлдүлге ырғып мінгенде,
Арылар көңіл қапаңнан.
Таң асып жүрсе бабында,
Кеудені жалын қыса ма?
Көсіліп шабар шағында,
Жебейді бәлкім нысана.
Жылдар да жүйрік, шалдықпас,
Есейіп жеттім мен енді.
Шашасына анық шаң жұқпас,
Қамшылап қиял-дөненді.
Балалық қалды жырақта,
Көңілде тұр тек сыры айқын.
Ақкекіл ат жоқ бірақ та,
Бәйгіде бақты сынайтын.
Болса да кезім қиналған,
Жадамас жүрек, жан арып.
Мен қазір отау үй болғам,
Әзірше осы жаңалық.
Қолыма қонды көгершін,
Пәктігі сынды арымның.
Тәңірім неткен шеберсің,
Кекілі әппақ жарымның.
Қуандым, жаным, ішімнен,
Енді шын бағым ашылар.
Үйге ендің ұяң пішінмен,
Көзіңде бақыт жасы бар.
Сөйледі толқып анам да:
– Нысана – ырыс, ылайым ...
Алаулап жүзің табанда,
Қызара түстің, жұбайым.
Жасадың сәлем именіп,
Үлкендер жағы құп алды.
Үй-іші шаттық күйге еніп,
Бастады жастар жыр-әнді.
«Нысана» болды сенгенім,
Өзіңе көңіл құмар шын.
Маңдайға біткен, сен менің –
Бармақтай бағым шығарсың.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нысана өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Нысана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нысана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нысана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері