Дүрліктірді отарба маң даланы – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Дүрліктірді отарба маң даланы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 886
Дүрліктірді отарба маң даланы,
Жанға шабыт береді самғағаны.
Дөңгелектер әуенін тыңдап жатып,
Дімкәс көңіл соған да малданады.
Жолаушылар бұйығы мүлгігендей,
Бара жатыр дәм айдап кімді нендей?
Қандай қызды қарсы алар қандай жігіт?
Жолықпаса жарады жынды мендей.
Күңгірт вагон, тымырсық тұмшалаған,
Қайда тартып барады мұншама адам?
Аққу қаздай тізіліп қыздар отыр,
Артық-ауыс қимылды мін санаған.
Жаным, жүйкем еріксіз шымырлады,
Сендерсіңдер, қалқатай, ғұмыр мәні.
Сұлусыңдар ...
Айтыңдар ал, әйтпесе,
Сезімімді сел ғылып кім ұрлады?
Нұрын шашқан көз қандай, қабақ қандай?
Күңгірт вагон ішінде таң атқандай.
Аққу-қаздар жаныма қонақтаса,
Кететіні белгілі тағат қалмай.
Сезімімді шырға еттім шүпілдеген,
Ысып-суып барады бүкіл денем.
Ай жүзіңнен, арулар, шапақ көрем,
Келіп, желпіп кетіңдер шытыңменен.
Барады ұшып кептерлер қолдан әні,
Міскін халім, тағдырым долданады.
Тыңдамайды әнімді ешкім менің,
... Отарбаның тынбайды доңғалағы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүрліктірді отарба маң даланы өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Дүрліктірді отарба маң даланы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүрліктірді отарба маң даланы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүрліктірді отарба маң даланы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері