Қоянкөздерің қиылып маған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қоянкөздерің қиылып маған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 775
Қоянкөздерің қиылып маған,
Дір етті жүрек секемшіл.
Ессіз сезімдер бұйығып қаған,
Есейіп кеттік, көкем, шіл.
Жөңкиді бұлттар санаға дық сап,
Әлдебір алау маздаған.
Өмірге мынау қанағат – ұқсақ,
Болуды бірге жазбаған.
Боркемік деме босаған мені,
Шынында сұрым сабалақ.
Бақыттың бәрі босағамда еді,
... Екі түп қурай жаман-ақ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоянкөздерің қиылып маған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қоянкөздерің қиылып маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоянкөздерің қиылып маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоянкөздерің қиылып маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері