Ала бұлт – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ала бұлт» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 895
Ала бұлт ...
Дауыл – дала – сапырылды,
Күркіреп, аспан шалың қақырынды.
Жанымның жапырағы дір-дір етіп,
Көкорай көңілдегі жапырылды.
Әп сәтте бұрқ-сарқ етіп шұрқан шықты,
Түйілсін, жаусын жауын –
Қыр қаңсыпты.
Тастүлей мен секілді лақпаланып,
Қуалап кетіп барад сұр қаншықты.
Қыңсылап ой жүректі тырмалады,
... Ашылмай қойды күннің бір қабағы.
Мына әлем – астаң-кестең,
Сені көрсем,
Сезімнің селкеулігі ұрланады.
Құшақтап сүйсем деймін шүпілдетіп,
Кеудемді қойдың, қалқам, лүпілдетіп.
Қалмасын маған деген ықыласың,
Кездейсоқ кедергіден, үкім, бекіп.
Ала бұлт ...
Жалғыз өзім.
Бір Ай.
Ғалам,
Өзіңді жолықтырды Құдай маған.
Әуен жел дөдегемді ұрғылайды,
Лажсыз лауқиланып, шыр айналам.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ала бұлт өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ала бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ала бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ала бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері