Өзіммен өзім отырып, күбірлегемін – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Өзіммен өзім отырып, күбірлегемін» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1010
Өзіммен өзім отырып, күбірлегемін,
Сөзім сөзі емес – тірі неменің.
Қан жылайды екен жүрегің шарасыздықтан,
Көз жасым барып тамады біріңе менің.
Хал-күйі қандай болады түрмедегінің?
Тірлігің бұл не жасаған қат-қабаттағы?
Ойларды оқып үйренген қас-қабақтағы.
Жатырсың өзің сарғайып, бекініп мығым,
Шешеңді тағдыр қайғыға тастамақ тағы.
Ұйқысы жоқ қой, байқұсқа ас та батпады.
Қабарып кеткен қабағы, салы ағып суға,
Сен қызып жүрсің шапқылап, балалық буға.
Жанарын жайлап шешемнің қасірет-қайғы,
Барады шөгіп байқасаң, аналық тұлға.
Сүйеніші өзің – ұғынсаң,
Шалалық қылма.
Болып жүр қазір қиналып, баулығым батпақ,
Сәби ғып тербеп келесің, тауды құндақтап.
Үлкен жүректі көремін өзіңнен ғана,
Сағындым, шеше, мен сенің жаулығыңды әппақ,
Шапқылап жүрген былдырлап, бал күнімді әппақ.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіммен өзім отырып, күбірлегемін өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзіммен өзім отырып, күбірлегемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіммен өзім отырып, күбірлегемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіммен өзім отырып, күбірлегемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері