Жаудыраған жанарыңда – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жаудыраған жанарыңда» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 981
Жаудыраған жанарыңда
Абат мұң,
Жүрегімді жаныштадың, қанаттың.
Сөреліден сүйегімді көтеріп,
Барқынданып қасіретті таң аттың.
Соңғы шапақ – мен көретін малтығып,
Жанарымды шыра басты, қан тұнып.
Тіл күрмеліп, сөйлеуге де келмейді,
Өкпем соқты кәусарды аңсап, алқынып.
Мен туғанда таң атып ед сібірлеп,
Тына қапты салқын самал – іңіргі леп.
Енді міне тербелемін шапақпен,
Иманымды оқи алмай күбірлеп.
Өшіп бара жатқан мына нұр қандай,
Сәмбі талдар состияды ...
Ырғалмай.
Бозторғай да көкке ілініп қалыпты,
Бәрі мені жөнелтпек боп тұрғандай.
Жаутаңдаймын, көзім тоймай – жебірдей,
Мына Құдай, діні қатты темірдей.
Мелшиеді, босағамда міз бақпай,
Мен үзілсем – тар дүние кеңірдей ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаудыраған жанарыңда өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жаудыраған жанарыңда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаудыраған жанарыңда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаудыраған жанарыңда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері