Әлеуметтер, құлақ сал

Бұл бетте «Әлеуметтер, құлақ сал» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5894
Әлеуметтер, құлақ сал,
Мына бір,пәни дүниеден -
Араңға түскен аюдай,
Күйе қатты жараған,
Қаңтардағы бурадай
Азу тісін қайраған,
«Хан өлмейді» дер едім,
Көлденең жатқан жайықты
Жағалай көшіп жайлаған;
Қасарысқан дұшпанның
Артына қолын байлаған,
Алдына салып айдаған,
Солардан да өткен сұм дүние...
Мына бір, шолақ дүниеден -
«Әулие өлмес» дер едім;
Отқа салса,күймеген,
Залымдықтың өмірі -
Бір шарпуы тимеген
Арамды көңілі сүймеген,
Дін мұсылман баласын -
Кереметпен билеген;
Саһар тұрып жылаған,
Хақтан медет сұраған;
Ол ерлердің тағаты -
Құдайына ұнаған,
Солардан да өткен сұм дүние...
Мына бір,пәни дүниеден -
«Бай өлмейді» дер едім;
Базар барып пұл алған,
Пұлына сатып құл алған;
Қара ала парша шұлғанған,
Алтын менен күміске -
Тірілігіне былғанған;
Ауылының сыртына
Қос шатырды құрғызған;
Қос жетімді әшейін,
Иман үшін тұрғызған;
Қырым менен Қытайға
Саудагерлік жүргізген;
Ұлы менен қызына
Қырмызы Қытай кигізген:
Жылқыдан жорға теңселтіп,
Жиын топқа мінгізген;
Қатар жүрген қазаққа,
Байлығын сөйтіп білгізген,
Солардан да өткен сұм
дүние...
Әлеуметтер, құлақ сал,
Мына бір шолақ дүниеден -
«Би өлмейді» дер едім;
Жұртты аузына қаратқан,
Алдынан топты таратқан;
Адасқан болса, жөндеген,
Төресін бұра бермеген,
Адамды ала көрмеген;
Аруағыңа болайын,
Ертеңгі атқан орыстың -
Зеңбірегіндей еңіреген:
Қаз дауысты Қазыбек,
Төле би мен Әйтеке -
Солардан да өткен сұм дүние...
«Аянсыз» мынау жалғаннан -
«Батыр өлмес» дер едім;
Тақыр жерде тайласқан,
Қайыңнан найза сайласқан;
Қарсы келген дұшпанмен -
Бурадай тісін қайрасқан;
Жалғыз жүрсе, қуанған,
Қолына жасыл ту алған;
Найзасын қарға асынып,
Алмасын қанға суарған;
Құланды қақтай қайырған,
Ордадан бөкенді айырған;
Қаһарлы келсе, хандарды -
Алтын тақтан тайдырған;
Жетіде тағам бір татқан,
Қысқа күнде қырық шапқан;
Жанқожа, Есет, Қыстаубай,
Қасым, Сейіл, Бұқарбай,
Малайсары, Жантайлақ,
Сәмет батыр, Тоғанас -
Солардан да өткен сұм дүние...
Баянсыз мынау жалғаннан,
«Шайыр өлмес» дер едім;
Сайраған қызыл тіл берген,
Көңіліне сонша жыр берген.
Алжаспай сөзді ағытып,
Есебін тауып үлгірген;
Мәжілісінде жақсының -
Дәурен сүріп күн көрген;
Қарсы келген олармен -
Ажалы жетпей, күнде өлген:
Қарадос, Өске, Бұдабай,
Серәлі, Сәдір, Орынбай;
Татауы жоқ сөзінде:
Шұбырған көштің жолындай:
Ақ Кетенің ішінде,
Шернияз, Шыман, Өтеген,
Солардан да өткен сұм дүние...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлеуметтер, құлақ сал өлеңінің авторы кім?

Базар Оңдасұлы — осы өлеңнің авторы.

Әлеуметтер, құлақ сал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлеуметтер, құлақ сал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Базар Оңдасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлеуметтер, құлақ сал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері