Қарашада қалқиған жаппадайын – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қарашада қалқиған жаппадайын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 841
Қарашада қалқиған жаппадайын,
Үмітімді адасқақ қақпалаймын.
Ер үстіне мінгенмен,
Бере алмаспын,
Апай төсті
Арғымақ атқа да айбын.
Қайтем енді тапалған жермешелмін,
Табасында қалдым ғой кер, кеселдің.
Қотиындау болмасам тым аңғарсыз,
Бір қылт еткен үмітке ермес едім.
Өмірімді сұрықсыз лекерледім,
Мені тағдыр биікке көтермедің.
Бұлдыраған сағымның қолын бұлғап,
Арасына сіңіп бір кетер ме едім?..
Әйтеуір сол тапжылтпай ноқталадың,
Болмас затқа алданып тоқталамын.
Сенің шырай көркіңді алғай көрем,
Жүрмейді ғой, қалқам-ау, жоққа амалым.
Үстем-үстем сөйлейді мұрты майлың,
Көнбей жатыр қайтейін ырқыма айдын.
Жүрегіме түседі батпан зұлмат,
Енесі өлген құлындай шырқыраймын...
... шырқыраймын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарашада қалқиған жаппадайын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарашада қалқиған жаппадайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарашада қалқиған жаппадайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарашада қалқиған жаппадайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері