Тымырсық түн тарылтады тынысты – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тымырсық түн тарылтады тынысты» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 844
Тымырсық түн тарылтады тынысты,
Еңсем түсіп, екі иінім құнысты.
Көкейімде иманды үміт бар еді,
Бәрі ұрланды,
Бұ жалғаның жымысқы.
Шымқай қызыл бәдәуүйің бәлденген,
Секемденгем
Күні бұрын әлден мен.
Кіргізбесе, кіре алмайсың
Апыр-май,
Ай маңдайлы мешітке де сәлдеңмен.
Ең жақын жан таба алмадым, шатылдым,
Ешкімге де қажеті жоқ –
Ақынмын.
Бұл да болса салғаны ғой құдайдың,
Атау ішкен тірі өлікпін ...
Бақұлмын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тымырсық түн тарылтады тынысты өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тымырсық түн тарылтады тынысты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тымырсық түн тарылтады тынысты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тымырсық түн тарылтады тынысты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері