Жігіттік

Бұл бетте «Жігіттік» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5306
Жігіттіктің екпіні -
Қаптаған қара дауылдай!
Күркіреп жауған көктемде
Қара нөсер жауындай!
Тұтынса берік, тозбайтын -
Күдері қылыш бауындай!
Жігіттікте қайғы жоқ,
Қадірін біліп күте алса,
Он екі мүше сауынды - ай.
Аңсары ауып сол кезде,
Әркімдер жеңсік болды -
Жаңа піскен қауындай.
Безенген жігіт сыналар -
Қарындастың дауында - ай.
Басылады бір күні
Бірте - бірте сол дәуір -
Мұнарланған сағымдай.
Желдей заулап басыңнан,
Өте шығад шұбалған -
Бәйге атының шаңындай.
Алладан ақуал келгенде,
Батырлар тұрмас бағында - ай.
Жаһанды жалғыз билеген
Патшалар тұрмас тағында - ай.
Алаш дұшпан, мысалы,
Аңдысып тұрған көзіңнің
Қарасы мен ағындай.
Мен сендерді көрмесем,
Қалайынша сондықтан
Шыдайын не ғып сағынбай?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіттік өлеңінің авторы кім?

Базар Оңдасұлы — осы өлеңнің авторы.

Жігіттік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіттік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Базар Оңдасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіттік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері