Өтінемін, жанашырым, түсін мені – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Өтінемін, жанашырым, түсін мені» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1057
Өтінемін, жанашырым, түсін мені,
Қыдырсың сен адамзат пішіндегі.
Шарана ат болғанша қанша заман,
Сіз берген тор биенің ішіндегі.
Ақтардым шемен-шерді сарқылмаған,
Айналдым сендей аға, нар тұлғадан.
Мен – тұма, сен – дария тасып аққан,
Қымбат-ау парасатты парқың маған.
Түз ұлы, берен баршын, қыр алыбым,
Даланың мойнындағы тұмарымын.
Жұма күн бағышталып,
Аруаққа,
Соңында оқылатын Құранымын.
Мекенің қу медиен, қыр алыбым,
Жүрсің-ау, алағызып,
Сірә, бүгін.
Салса егер ебін тауып, мұқалмайтын –
Қалған бір бабалардың құралымын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтінемін, жанашырым, түсін мені өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Өтінемін, жанашырым, түсін мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтінемін, жанашырым, түсін мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтінемін, жанашырым, түсін мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері