Мен ешкімге телефон да соқпаймын – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Мен ешкімге телефон да соқпаймын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 685
Мен ешкімге телефон да соқпаймын,
Барар жерге бармаймын.
Ширыққанмын …
Қылпып тұрған шоттаймын,
Қасіретті бар қайғым.
Тақымбасты
Айырылдым торыдан,
Қағып жүрмін қаңғалақ.
Қарап тұрып кез-келгеннен қорынам,
Ойға баттым сан қабат.
Жолдас болды жалғыз ғана
Адалдық,
Жыртты ағайым өңешін.
Барар жерге бара алмадық,
Бадалдық,
Шағып үміт кемесін.
Танаурап кеп тұмсығымнан шаншылдым,
Ісім бәрі шалағай.
Қаза таптым қолынан бір қаншылдың,
Еңкілдедім баладай.
Мен ешкімге бұйымтай да
Айтпаймын,
Барар жерім шалғай тым.
Бағыт алған бетімнен сол қайтпаймын,
… Ағалар көп алдайтын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен ешкімге телефон да соқпаймын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен ешкімге телефон да соқпаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен ешкімге телефон да соқпаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен ешкімге телефон да соқпаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері